• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2025
  • Оземпик пен Мунджаро артық салмақпен қалай күреседі?

    Соңғы жылдары Оземпик, Вегови, Мунджаро сияқты препараттар нағыз революция жасады. Біреулер оларды “керемет арықтататын дәрі” дейді, енді біреулер — “эндокринологиядағы жаңа дәуір” деп атайды.

    Бірақ жарқын тақырыптардың артында ең маңыздысы қалып қояды: олар қалай жұмыс істейді, кімге жарайды және неге оларды дәрігер бақылауынсыз қолдануға болмайды?

    Жаймен, түсінікті тілмен тарқатайық.

    Тарихына қысқаша көз жүгіртсек

    90-жылдары ғалымдар тамақтан кейін ішекте бөлінетін GLP-1 (ГТП-1, глюкагон тәрізді пептид-1) гормонын зерттей бастады. Бұл гормон ағзаға:

    • тәбетті азайтуға;

    • асқазанның босауын баяулатуға;

    • қайта-қайта тамақ жеуге деген құштарлықты төмендетуге;

    • инсулинге сезімталдықты жақсартуға

    көмектесетіні анықталды.

    Бірақ бір мәселе болды — табиғи гормон қанда небәрі бірнеше минут қана сақталады. Сондықтан оны дәрі ретінде пайдалану мүмкін болмады.

    Осылайша ГТП-1 рецепторларының агонистері дүниеге келді — гормонның әсерін ұзақ уақыт бойы қайталай алатын тұрақты формалар.

    Алғашқы жаңалық — экзенатид, кейін лираглутид, семаглутид (Оземпик), ал одан да кеш — екі рецепторға бірдей әсер ететін тирзепатид (Мунджаро) пайда болды.

    Оземпик деген не және ол қалай әсер етеді?

    Оземпик (Ozempik, семаглутид) — өз класындағы ең зерттелген әрі тиімді препараттардың бірі. Бастапқыда ол 2 типті диабетті емдеу үшін жасалған. Бірақ зерттеу барысында пациенттердің тұрақты әрі қауіпсіз түрде арықтайтыны байқалды.

    Неге?

    Өйткені Оземпик:

    • тәбетті төмендетеді, ал ми үнемі жеңіл тағамдарды «талап етуді» тоқтатады;

    • асқазанның босауын баяулатып, ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі;

    • қандағы қантты тұрақтандырады - тәттіге деген құштарлық азаяды;

    • тамақтану әдеттерін қайта қалыптастыруға көмектеседі.

    Бұл - сиқыр емес, бұл - физиология.

    Ал Мунджаро ше? Айырмашылығы неде?

    Мунджаро (Mounjaro, «Мунжаро», «Монджаро», тирзепатид) — жаңа буын препараты. Ол бір емес, екі түрлі рецепторға (GLP-1 және GIP) әсер етеді.

    Сондықтан нәтижесі көбіне күштірек болады:

    • салмақтың айқын төмендеуі;

    • қандағы қантты күшті бақылау;

    • тәбеттің едәуір азаюы.

    Бірақ әсері күшейген сайын, дәрігер бақылауының маңызы да артады — дозаны дұрыс таңдамау жанама әсерлерді күшейтуі мүмкін.

    Бұл препараттар кімдерге тағайындалады?

    ГТП-1 препараттары келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:

    • 2 типті қант диабеті;

    • семіздік (ДМИ ≥ 30) немесе артық салмақ пен оның асқынулары;

    • компульсивті артық тамақтану (дәрігер шешімімен);

    • диета мен спорт нәтиже бермегенде.

    Бірақ қарсы көрсетілімдер де бар - асқазан-ішек жолы мәселелері, кей эндокриндік аурулар, жүктілік, ұйқыбез аурулары.

    Сондықтан өзін-өзі емдеу мұнда мүлдем орынсыз.

    Ем қалай өтеді?

    Көп адам ойлайды: “Бір укол жасаймын - арықтаймын”. Шын мәнінде бәрі әлдеқайда күрделі.

    Емдеу әдетте:

    • ең төмен дозадан басталады;

    • доза 4 апта сайын баяу өсіріледі;

    • анализдер бақыланады;

    • жанама әсерлер қадағаланады;

    • тамақтану реттеледі - жүрек айнуын болдырмау үшін;

    • доза әр адамға жеке таңдалады.

    Бұл - бір реттік процедура емес, бұл - терапия.

    Оземпик-пен емделуді тек дәрігер бақылауымен жүргізу маңызды

    Неге Оземпикты өз бетіңізше қабылдауға болмайды?

    Интернетте “Оземпикпен 15 кг тастадым” деген көп әңгіме бар, және осы препарат жеңіл жол сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ есте сақтайтын бірнеше маңызды нәрсе бар:

    1. Бұл дәрілер —“витамин” емес

    Олар гормондық жүйеге әсер етеді.

    2. Жанама әсерлері бар және кейде айқын көрінуі мүмкін

    Жүрек айну, құсу, қатты тәбет жоғалуы, сусыздану, іш қату, панкреатит.

    3. Дозаны өзіңіз таңдай алмайсыз

    “Ең кішісі” немесе “орташа” доза деген жоқ — бәрі жеке.

    4. Дәріні күрт тоқтату зиян келтіруі мүмкін

    Тәбет пен салмақтың күрт көтерілуі жиі кездеседі.

    5. Асқазанның қозғалысы бұзылуы мүмкін

    Гастропарез - препаратты дұрыс қолданбағанда пайда болатын қауіпті жағдай.

    Сондықтан дәрігер бақылауы - жай формальдылық емес, қауіпсіздік пен нәтиженің кепілі.

    Қорытынды

    ГТП-1 препараттары - шынында да медицинадағы үлкен қадам. Олар семіздікпен, артық тәбетпен, диабетпен және тамақтану бұзылыстарымен күресуге көмектеседі.

    Бірақ бұл - “жылдам арықтататын әдіс” емес.

    Бұл - дәлдікті, талдауды және дәрігердің үздіксіз бақылауын қажет ететін ем.

    Оземпик терапиясы бойынша кеңес беретін дәрігерлер

    Абсеитова Дана Қахарманқызы

    🔶 9 жылдық тәжірибесі бар эндокринолог

    🔶 3 жастан бастап ересектер мен балаларды қабылдайды

    🔶 Оземпик және Мунджаро препараттары бойынша кеңес беру және пациенттерді бақылау

    🔶 Дәлелді медицинаның қатаң протоколдары бойынша жұмыс істейді

    Абсеитова Дана Кахармановна
    9 жыл жұмыс өтілі, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    1 пікір
    9 жыл жұмыс өтілі
    Балалар мен ересектерге арналған

    Ли Виктория Алексеевна

    🔶 39 жылдық тәжірибесі бар эндокринолог

    🔶 Ересектер мен балаларды қабылдайды

    🔶 Онлайн-консультациялар жүргізеді

    🔶 Семіздікті емдеу

    🔶 Оземпик және Мунджаро препараттары бойынша кеңес беру және бақылау

    Ли Виктория Алексеевна
    39 жыл жұмыс өтілі, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    20 пікір
    39 жыл жұмыс өтілі
    Балалар мен ересектерге арналған
    Online консультация

    Есламғалиева Шолпан Нұрлановна

    🔶 Интегративті эндокринолог, диетолог

    🔶 Тәжірибесі 21 жыл

    🔶 Онлайн-консультация жүргізеді

    🔶 Ересектер мен балаларды қабылдайды

    🔶 Салмақты түзетудің кешенді интегративті тәсілі (Оземпик, Мунджаро қоса алғанда)

    Есламгалиева Шолпан Нурлановна
    21 жыл жұмыс өтілі, Генетик, Диетолог, Эндокринолог
    5.0 Рейтинг
    70 пікір
    21 жыл жұмыс өтілі
    Балалар мен ересектерге арналған
    Online консультация