• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2026
  • Туланбаева Ажар Канатжанкызы

    Туланбаева Ажар Канатжанкызы

    Бірінші санаттағы дәрігер, Магистр
    4.0 Рейтинг
    Балалар мен ересектерге арналған
    8-ші шағын аудан, 58а үй (Шаляпин көшесі бойында, Алтынсарин көшесінің қиылысы), Алматы Картадан қарау
    дс-жм: 09:00-18:00
    14 000 тг
    7 000 тг
    TopDoc.kz

    Жалпы мәліметтер

     Туланбаева Ажар Қанатжанқызы — денсаулық сақтау саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман. Бұған дейін Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасында ана мен баланың денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша отбасын жоспарлау кабинетінің штаттан тыс гинекологы болған.

    Минск (Беларусь) қаласындағы «Ана мен бала» Республикалық ғылыми-практикалық орталығында халықаралық біліктілігін арттырған. Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың «алғыс хатымен» марапатталған.

    Туланбаева Ажар Қанатжанқызына жүгінген пациенттер жоғары деңгейдегі медициналық көмекті алатынына сенімді бола алады.

    Мақсаты — әр пациентке жеке көзқарас танытып, емнің барлық кезеңінде қолдау көрсету арқылы денсаулықты қалпына келтіруге және өмір сапасын жақсартуға ықпал ету.

    Гинеколог дәрігер ретінде 5 жастан бастап балаларды және ересектерді қабылдайды 

    Гинеколог-эндокринолог ретінде 15 жастан бастап балаларды және ересектерді қабылдайды 

    Акушер‑гинеколог, маммолог ретінде тек 18 жастан бастап ересек пациенттерді қабылдайды 

    Кәсіби дағдылар:

    • Медициналық құжаттаманы жүргізу;

    • Жүкті әйелдерді бақылау;

    • Гинекологиялық ауруларды емдеу;

    • Кіші гинекологиялық операциялар;

    • Отбасын жоспарлау;

    • Жүктілікті жүргізу (соның ішінде ауыр экстрагениталды патология кезінде);

    • Жамбас ағзалары ауруларын және ЖЖБИ-ды диагностикалау және емдеу;

    • Кольпоскопия;

    • Жатыр мойнының биопсиясы;

    • Жатыр мойнын эксцизиялау, конизация;

    • Аногениталды сүйелдерді (кондиломалар, папилломалар, моллюскалар) хирургиялық емдеу;

    • Гинекологиялық-эндокринологиялық патологиялары бар пациенттерді емдеу (етеккір циклінің бұзылыстары, поликистозды аналық без синдромы, туа біткен бүйрекүсті қыртысы гиперплазиясы, гиперпролактинемия, эндометриоз, жатыр миомасы);

    • Пременопауза және менопауза кезеңінде емдеу және алдын алу;

    • Сүт безінің лактостазын, фиброкистозды мастопатияны, фиброаденоманы емдеу және алдын алу;

    • Балалар гинекологиясы (вульвиттер);

    • Ұрық тамырларының допплерометриясы (УЗДГ);

    • Кардиотокография.

    Жұмыс тәжірибесі

    2015–2017 жж. КГП на ПХВ «Станция скорой неотложной медицинской помощи №7», шақыруға шығатын фельдшер 

    2017–2018 жж. КГП на ПХВ «Городская поликлиника №1», акушер‑гинеколог дәрігер

    03.2022 ж. – 10.2022 ж. КГП на ПХВ «Городская поликлиника №1», акушер‑гинеколог дәрігер (Алматы қ. ДСБ‑ға «УОЗМиР» бөлімінің бас маманы лауазымына іссапарға жіберілген)

    15.10.2022 ж. КГП на ПХВ «Городская поликлиника №5», акушер‑гинеколог дәрігер

    11.2022 ж. – 11.2023 ж. Отбасын жоспарлау кабинетінің штаттан тыс гинекологы, Алматы қ.

    03.2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін — ОСМП меңгерушісі 

    2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін — AQMED медициналық орталығы, акушер‑гинеколог дәрігер, гинеколог, гинеколог‑эндокринолог, маммолог 

    Білімі

    2010–2015 жж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. Бакалавриат, мамандығы: Жалпы медицина

    2015–2017 жж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. Интернатура, мамандығы: Акушерия және гинекология

    2017–2020 жж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. Мамандығы: Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы

    2023–2025 жж. НУО «Қазақстан‑Ресей медициналық университеті». Магистратура, мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

    Біліктілікті арттыру 

    02.08–04.08.2023 ж. UNFPA базасында «Жастарға репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша достық қызметтерді ұйымдастыру және көрсету», 24 академиялық сағат

    11.09–16.09.2023 ж. ҚР ДСМ РМҚК «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» базасындағы «Кеңжолақты радиотолқынды хирургияны қолдана отырып, кольпоскопия негіздері» циклі, 60 сағат

    31.10–04.11.2023 ж. Operative obstrics and gynecology. Critical conditions. Center “SHIBA” Israel, 40 academic hours

    22.11–23.11.2023 ж. «Медикаментоздық абортты дер кезінде жүргізу», КМПА базасында, 16 кредит

    22–23.11.2023 ж. Аборт кезінде жан‑жақты көмек көрсету бойынша тренерлерге арналған тренинг «Қазіргі заманғы медикаментоздық абортты жүргізу», ИРМ, SAAF CIDSR, КМПА

    16.09.2023 ж. Акушерия‑гинекология (балалар гинекологиясы) мамандығы бойынша «Кеңжолақты радиотолқынды хирургияны қолдана отырып, кольпоскопия негіздері» циклі, ҚР ДСМ РМҚК «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы», Алматы қ.

    22.04–05.05.2024 ж. «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ, «Жүктілік пен босану кезінде ұрықтың жағдайын бағалау (допплерометрия және КТГ)» циклі, 120 сағат

    24.11–06.12.2024 ж. «Жатыр мойны патологиясы, кольпоскопия негіздері. Жатыр мойны патологиясын емдеудегі операциялық технологиялар» бағдарламасы бойынша басшылар мен мамандарға арналған халықаралық тағылымдама, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ғылыми‑тәжірибелік «Ана мен бала» орталығы» ММ, Минск қ.

    4.0 Рейтинг

    Дәрігерлер акушер-гинекологтар, гинекологтар, гинеколог-эндокринологтар, маммологтар