Балаларда жоғары дене қызуын жылдам, қауіпсіз және ұзақ уақытқа қалай түсіруге болады? Қандай дәрілік заттар, оларды қандай жағдайда беруге болады және қай уақытта дәрігерді шақыру қажет?
Бала — ересектердің кішкентай көшірмесі емес. Баланың әрбір ағзасы ересектердің ағзасынан өте қатты ерекшеленеді. Сонымен қатар балаларда рахит, анемия, дене салмағының, кейбір микро- немесе макроэлементтердің тапшылығы немесе артық болуы, асқорыту жүйесінің функционалдық бұзылыстары (іш қату, асты қорытпау) сияқты фондық жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды ем тағайындау кезінде ескеру керек.
Қажетті дәрілерді тек дәрігер-педиатр қарап тексерген соң ғана тағайындай алады. Ең бастысы – анамнезді толық жинау, яғни жүктіліктің өту барысы, босанудың қалай болғаны, бала осы уақытқа дейін қандай дәрі-дәрмектер қабылдағаны және оларға бала ағзасының қалай жауап бергені туралы нақтылап білу.
Баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, әсіресе өмірінің алғашқы 1000 күні, аурудың даму ерекшеліктерін анықтайды.
Дене қызуының көтерілуі – ағзаның қорғаныс-бейімделу серпілісі. Дене қызуының көтерілуімен бірге қанның бактерицидтілігі жоғарылайды, арнайы жасушалар-лейкоциттердің саны артады, зат алмасу күшейеді.
Осылайша, дене қызуының белгілі бір деңгейге дейін көтерілуі - ағзадағы жақсы үрдіс. Ересектерде бұл деңгей 39С болып табылады.
ДДСҰ заманауи жіктелуі бойынша:
ДДСҰ ұсыныстары бойынша дене қызуын келесі жағдайларда түсіру керек:
Дене қызуын түсіретін дәрілерді таңдауда ата-анаға, дәріханадағы провизорға, таныстарға сенім білдіруге болмайды. Тек дәрігер ғана ең қауіпсіз дәрілік затты қажет жағдайда тағайындай алады.
Балаларда дене қызуын түсіру үшін дәрілерді сұйық түрінде және ректальды суппозиторий ретінде қолданады. Тік ішекте қалыпты жағдайда температура 41 градус болады, ауру кезінде одан әрі жоғарылайды. Қантамыр жүйесінің жақын орналасуы дәрілік заттың жылдам сіңуіне жағдай жасайды.
Бұлшықеттік жол – қатты ауру сезімін туындататын түрі, оны мүмкіндігінше тек шұғыл жағдайларда қолданған абзал.
Дене қызуын түсіру кезіндегі ең жиі жасалатын қателіктер:
Дене қызуын түсіретін дәрілік заттарды (антипиретиктерді) оңтайлы қолдану бойынша кеңестер:
Балаларға қолдануға рұқсат етілмейтін дәрілік заттар:
ДДСҰ ұсыныстары бойынша таңдау дәрілері:
Ибуфенді 3 айдан асқан балаларға қолданған абзал, себебі оның парацетамолға қарағанда ұзақ уақытқа созылатын (10 сағатқа дейін) дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар. Сонымен қатар парацетамолдың кейбір түрлері жаңа туған нәрестелерге қолдануға рұқсат етілген.
Дәріні тек дәрігер ғана таңдай алады!
- - - - - - - - - - - - - - - -
Егер балада қызу көтерілсе, алдымен педиатрға жүгіну қажет. Педиатр баланың жағдайын бағалап, қажет болған жағдайда тар бейінді маманға (инфекционист, аллерголог, гастроэнтеролог және т.б.) жолдайды.
Тәжірибелі педиатрды тез табу үшін медициналық агрегатор сайттарын қолданған ыңғайлы. Мысалы сайт TopDoc.kz.
Тәжірибелі педиатрды тез табу үшін педиатрлардың арасында да әртүрлі қосымша мамандануы бар дәрігерлер болатынын ескерген жөн. Мұндай мамандар тек жалпы педиатр ретінде ғана емес, сонымен қатар өздерінің қосымша бағыты бойынша да кеңес береді. Мысалы:
Педиатр-инфекционист – баладағы вирустық және бактериялық жұқпаларды анықтап, емдей алады;
Педиатр-гастроэнтеролог – ас қорыту жүйесіне байланысты мәселелерді шешеді;
Педиатр-аллерголог – аллергия түрлерін анықтап, емдейді;
Педиатр-неонатолог – жаңа туған және шала туған нәрестелердің денсаулығын бақылайды.
Сондай-ақ, кейбір педиатрлар үйге келіп қарай алады немесе онлайн-консультация жүргізеді. Бұл баланы медициналық орталыққа апару мүмкін болмаған жағдайда өте ыңғайлы.
Педиатрларды TopDoc.kz сайтынан іздеу – уақытты үнемдеп, дұрыс маманға жүгінудің ең тиімді жолы. Бұл жерде тексерілген дәрігерлердің толық профилі, жұмыс тәжірибесі, білімі және бейінді бағыттары көрсетілген. Нағыз ата-аналардың шынайы пікірлері мен бағалары арқылы педиатрдың кәсіби деңгейін алдын ала бағалауға болады.
Сонымен қатар, TopDoc-та мамандарды жұмыс орны, қабылдау форматы (онлайн немесе оффлайн), мамандану саласы және тіпті жедел шақыру мүмкіндігі бойынша іріктеп табуға болады. Бұл ата-аналарға баласына ең қолайлы және сенімді дәрігерді таңдауға көмектеседі.
TopDoc сайтында педиатрға жазылу өте оңай:
Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар: