• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2025
  • Балада дене қызуы мен ауру сезімі – не істеуге болады?

    Балаларда жоғары дене қызуын жылдам, қауіпсіз және ұзақ уақытқа қалай түсіруге болады?  Қандай дәрілік заттар, оларды қандай жағдайда беруге болады және қай уақытта дәрігерді шақыру қажет?     

    Бала — ересектердің кішкентай көшірмесі емес. Баланың әрбір ағзасы ересектердің ағзасынан өте қатты ерекшеленеді. Сонымен қатар балаларда рахит, анемия, дене салмағының,  кейбір микро- немесе макроэлементтердің  тапшылығы немесе артық болуы, асқорыту жүйесінің функционалдық бұзылыстары (іш қату, асты қорытпау) сияқты  фондық жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды  ем тағайындау кезінде ескеру керек.    

    Қажетті дәрілерді тек дәрігер-педиатр қарап тексерген соң ғана тағайындай алады.  Ең бастысы – анамнезді толық жинау, яғни жүктіліктің өту барысы, босанудың  қалай болғаны, бала осы уақытқа дейін қандай дәрі-дәрмектер қабылдағаны және оларға бала ағзасының қалай  жауап бергені  туралы нақтылап білу.

    Баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, әсіресе өмірінің алғашқы  1000 күні, аурудың даму ерекшеліктерін анықтайды. 

    • тіндердің қарқынды өсуі мен дамуы жылдам қан айналысын және бейімделудің белсенді үрдістерін қамтамасыз етеді;
    • барлық үрдістер жылдам жайылады, яғни баланың денесі тез қызып және суып кетеді, интоксикация (уыттану) белгілері ересектерге қарағанда айқын болады (әлсіздік, дімкәстік);
    • микро- және макроэлементтер тез жоғалады;
    • өте жылдам уақытта сусыздану белгілері байқалады.

    Неліктен біздің дене қызуымыз көтеріледі?

    Дене қызуының көтерілуі – ағзаның қорғаныс-бейімделу серпілісі. Дене қызуының көтерілуімен бірге қанның бактерицидтілігі жоғарылайды, арнайы жасушалар-лейкоциттердің саны артады, зат алмасу күшейеді.

    Осылайша,  дене қызуының белгілі бір деңгейге дейін көтерілуі -  ағзадағы жақсы үрдіс. Ересектерде бұл деңгей 39С болып табылады.

    ДДСҰ заманауи жіктелуі бойынша:

    • субфебрильді температура - 37,3 - 38С
    • орташа -  39С дейін
    • жоғары -  41С дейін
    • гипертермиялық - 41С жоғары

    Егер баланың дене қызуы көтерілсе не істеу қажет?

    • Динамикада дене қызуын өлшеу,
    • Физикалық шаралардан бастау: жиі,көп мөлшерде су беру, жылы сумен сүрту, маңдайға салқын матаны қою, бөлмені желдету,
    • Дене қызуын түсіретін дәрі қолдану.

    ДДСҰ ұсыныстары бойынша дене қызуын  келесі жағдайларда түсіру керек:

    • 3 айға дейінгі балалар - дене қызуы  38С  жоғары болғанда;
    • 3 айдан асқан балалар дене қызуы 38,5С асқанда немесе бұлшықеттік жайсыздық пен бас ауруы кезінде;
    • Анамнезінде фебрильді тырысулар, жүрек, өкпе, орталық жүйке жүйесінің аурулары бар балаларда – дене қызуы 38С асқан жағдайда .

    Балалар мен ересектерде дене қызуын қалай түсіру керек? 

    Дене қызуын түсіретін дәрілерді таңдауда ата-анаға, дәріханадағы провизорға, таныстарға сенім білдіруге болмайды. Тек дәрігер ғана ең қауіпсіз дәрілік затты қажет жағдайда тағайындай алады. 

    Балаларда дене қызуын түсіру үшін дәрілерді сұйық түрінде және ректальды суппозиторий ретінде қолданады. Тік ішекте қалыпты жағдайда температура  41 градус  болады, ауру кезінде одан әрі жоғарылайды. Қантамыр жүйесінің жақын орналасуы дәрілік заттың жылдам сіңуіне жағдай жасайды. 

    Бұлшықеттік жол – қатты ауру сезімін туындататын түрі,  оны мүмкіндігінше тек шұғыл жағдайларда қолданған абзал.

    Дене қызуын түсіру кезіндегі ең жиі жасалатын қателіктер:

    • баланың жасына көңіл бөлмейді,
    • сәйкес емес түрі мен мөлшерін таңдайды,
    • әр түрлі топтағы дәрілік заттарды ретсіз береді, бұл ағзаның жауап қайтаруына мүмкіндік бермейді,
    • басқа дәрілік заттарды қабылдау уақытысын және олардың сәйкессіздігін есепке алмайды.

    Дене қызуын түсіретін дәрілік заттарды (антипиретиктерді) оңтайлы қолдану бойынша кеңестер:

    • дене қызуын тек көрсеткіштер бойынша түсіру
    • ұсынылған бір реттік мөлшерін қолдану
    • тәуліктік мөлшерін асырмау
    • дәрілік затты қайта қолдану тек 4 сағаттан соң ғана рұқсат етіледі  
    • профилактика мақсатында дәрілік затты алдын ала  бермеу
    • дәрігердің тағайындауынсыз 3 күннен артық дәріні бермеу
    • дене қызуын түсіретін дәрілерді ұзақ уақыт қолдануға болмайды
    • антибактериалды терапия кезінде қолдануға болмайды.

    Балалар мен ересектерде дене қызуын немен түсіру қажет? 

    Балаларға қолдануға рұқсат етілмейтін дәрілік заттар:

    • аспирин -  15 жасқа дейін
    • анальгин - 15 жасқа дейін тек литикалық қоспа құрамында қолдануға рұқсат   
    • «цефекон» суппозиторийі
    • нимесулидтер (найз, нимулид) - 12 жасқа дейін

    ДДСҰ ұсыныстары бойынша таңдау дәрілері: 

    • парацетамол (тайленол, панадол, тайлол, эффералган және т.б.);
    • ибупрофен (әр түрлі формадағы ибуфен).

    Ибуфенді 3 айдан асқан балаларға қолданған абзал, себебі оның парацетамолға қарағанда ұзақ уақытқа созылатын (10 сағатқа дейін) дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар. Сонымен қатар парацетамолдың кейбір түрлері  жаңа туған нәрестелерге қолдануға рұқсат етілген.  

    Дәріні  тек дәрігер ғана таңдай алады!

    - - - - - - - - - - - - - - - -

    Егер балада дене қызуы көтерілсе, қай дәрігерге жүгіну керек?

    Егер балада қызу көтерілсе, алдымен педиатрға жүгіну қажет. Педиатр баланың жағдайын бағалап, қажет болған жағдайда тар бейінді маманға (инфекционист, аллерголог, гастроэнтеролог және т.б.) жолдайды.

    Тәжірибелі педиатрды қалай тез табуға болады?

    Тәжірибелі педиатрды тез табу үшін медициналық агрегатор сайттарын қолданған ыңғайлы. Мысалы сайт TopDoc.kz.

    Тәжірибелі педиатрды тез табу үшін педиатрлардың арасында да әртүрлі қосымша мамандануы бар дәрігерлер болатынын ескерген жөн. Мұндай мамандар тек жалпы педиатр ретінде ғана емес, сонымен қатар өздерінің қосымша бағыты бойынша да кеңес береді. Мысалы:

    Педиатр-инфекционист – баладағы вирустық және бактериялық жұқпаларды анықтап, емдей алады;

    Педиатр-гастроэнтеролог – ас қорыту жүйесіне байланысты мәселелерді шешеді;

    Педиатр-аллерголог – аллергия түрлерін анықтап, емдейді;

    Педиатр-неонатолог – жаңа туған және шала туған нәрестелердің денсаулығын бақылайды.

    Сондай-ақ, кейбір педиатрлар үйге келіп қарай алады немесе онлайн-консультация жүргізеді. Бұл баланы медициналық орталыққа апару мүмкін болмаған жағдайда өте ыңғайлы.

    Неліктен педиатрларды TopDoc.kz сайтынан іздеген дұрыс?

    Педиатрларды TopDoc.kz сайтынан іздеу – уақытты үнемдеп, дұрыс маманға жүгінудің ең тиімді жолы. Бұл жерде тексерілген дәрігерлердің толық профилі, жұмыс тәжірибесі, білімі және бейінді бағыттары көрсетілген. Нағыз ата-аналардың шынайы пікірлері мен бағалары арқылы педиатрдың кәсіби деңгейін алдын ала бағалауға болады.

    Сонымен қатар, TopDoc-та мамандарды жұмыс орны, қабылдау форматы (онлайн немесе оффлайн), мамандану саласы және тіпті жедел шақыру мүмкіндігі бойынша іріктеп табуға болады. Бұл ата-аналарға баласына ең қолайлы және сенімді дәрігерді таңдауға көмектеседі.

    TopDoc.kz сайты арқылы ең үздік педиатрларға қалай жазылуға болады?

    TopDoc сайтында педиатрға жазылу өте оңай:

    • Іздеу жолағына «педиатр» деп теріп, өз қалаңызды таңдаңыз.
    • Ашылған тізімнен дәрігерлердің профилін қарап, олардың тәжірибесі, білімі, мамандануы және науқастардың пікірлерімен танысыңыз.
    • Сізге ұнаған дәрігердің парақшасында «Жазылу» батырмасын басып, ыңғайлы күн мен уақытты таңдаңыз. Содан кейін жазылуыңызды растау үшін оператордың қоңырауын күтіңіз.
    • Сондай-ақ, сайт арқылы онлайн-консультацияға немесе үйге шақыртуға да тапсырыс беруге болады.
    • Егер сіз педиатрды таңдауда қиналсаңыз, жұмыс уақытында колл-орталыққа +7(707)2255009 хабарласыңыз немесе WhatsApp арқылы жазыңыз. TopDoc қызметінің кеңесшілері сізге лайықты дәрігерді таңдауға көмектесіп, қабылдауға жазады.

    Алматыдағы ең танымал педиатрлар

    Комаровская Марина Александровна
    29 лет стажа работы, Врач общей практики, Гастроэнтеролог, Педиатр
    5.0 Рейтинг
    504 отзыва
    29 лет стажа работы
    Для детей и взрослых
    Online консультация
    Утегенова Назипа Айтбаевна
    30 лет стажа работы, Инфекционист, Невропатолог детский, Педиатр
    4.9 Рейтинг
    196 отзывов
    30 лет стажа работы
    Врач для ребенка
    Махмудова Гульнора Имамкуловна
    13 лет стажа работы, Гастроэнтеролог, Паразитолог, УЗИ-специалист
    4.9 Рейтинг
    93 отзыва
    13 лет стажа работы
    Для детей и взрослых
    Ракымгазиева Нуршат Даулетказиевна
    19 лет стажа работы, Нефролог, Педиатр
    4.9 Рейтинг
    25 отзывов
    19 лет стажа работы
    Выезд на дом
    Для детей и взрослых
    Online консультация
    Савина Ирина Ивановна
    34 года стажа работы, Педиатр
    4.9 Рейтинг
    40 отзывов
    34 года стажа работы
    Выезд на дом
    Врач для ребенка

     

    Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

    Апатия, үрей, әлсіздік, есте сақтау қабілетінің бұзылуы: ковидтан кейінгі синдроммен қалай күресуге болады?

    Психолог — психотерапевт — психиатр: қалай таңдау керек?